ZhaNaMa-Dos


Компания туралы

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Біздің сайтқа қош келдіңіздер!

ZhaNaMa-Dos Халықаралық холдингі 2010 жылдың 18 қазанында ашылған. Компанияның құрылтайшылары: Даурен Казбекұлы, Ислам Мақсат және Байғанаев Жанат. Компания президенті Аринфендин Нарымбек. Компания оргтехникаларды, телевизор және ұялы телефондарды желілік маркетинг арқылы өткізумен айналысады.

Қазіргі уақытта компания әркімнің де қолы жететін төрт маркетинг жоспар бойынша жұмыс істейді. Әрбір маркетинг жоспар құрамына 4 матрица кіретін, матрицалық жүйеден тұрады. Көбірек ақпарат алғыңыз келсе (маркетинг бағдарламасына) қараңыз. Матрицалық құрылымның жақсы ойластырылған жүйесі мансап қусаңызда (в карьерном росте), тіпті өзіңіздің материалдық тұрмыс-тіршілігіңізді жақсартамын десеңіз де, зор мүмкіншіліктер береді.

Осындай аз уақыттың ішінде ZhaNaMa-Dos компаниясы қазіргі таңда бүкіл Қазақстан бойынша өзінің өкілдіктері мен филиалдарын ашып, өздерін қарқынды-даму үстіндегі компания екенін көрсетіп отыр.

Бүгінде ZhaNaMa-Dos холдингі ол:

  • • мүмкіншілігі шектеусіз компания;
  • • жоғары білікті қызметкерлерінің саны 400 адамнан астам
  • • компания әріптестерінің саны 30 мыңнан асты
  • • 70-тен астам миллионері бар
  • • филиалдарының саны 40 офис
  • • коттедж қалашығының құрылысы салынуда
  • • CHEVROLET AVEO көлігіне ие болу мүмкіншілігі
  • • әрі қарай бизнесті дамытудың мүмкіншілігі

Компанияның негізгі қағидасы – әрбір клиенттің көңілінен шығу, бағдар беру.

Біздің мақсатымыз – ұзақ мерзімде бірлесіп жұмыс атқару үшін әрбір клиентпен жеке қарым-қатынас орнату. Біздің жұмысқа клиенттеріміздің қанағаттануы компания жетістіктерінің негізгі көрсеткіші болып табылады. Біз әрбәр клиентті бағалаймыз, сыйлаймыз, олардың мүдделері мен тілектерін есепке ала отырып, өз мақсаттарына жетуге жол ашамыз.
Жұмыс айқындығы. Біздің маркетинг бағдарламамызды қолдану ыңғайлы болу үшін әрбір бағдарлама үшін интернет-ресурстар жасадық Mobillion.kz, Net-Book.kz, Zhanama-Auto.kz,Zhanama-Dom.kz – осы жерден өзіңізге қажетті барлық ақпараттарды аласыз, сондай-ақ «жоғары көтерілген жолыңызды» бақылайсыз.
Одан бөлек біздің көшбасшылар матрицалық жүйемен қалай жұмыс істеу керектігін үйрететін жүйелі оқыту тренингін өткізеді, клиенттерді қалай тарту туралы ақыл-кеңестер, сондай-ақ басқару және «көшбасшы бағдарламасының» негізгі тетіктерін айтып береді. Тренингте компанияның істеген жұмыстары жөнінде есеп береді және алдағы істелінетін жұмыстарды талқылайды.

Тренинг өткізілетін уақыт: Сейсенбі сағат 10:00-12:00
Бейсенбі сағат 10:00-12:00
Көшбасшыларға арналған тренинг: Сенбі сағат 10:00-12:00
«Top life» тренинг орталығының жоғары білікті тренері – Назира Сұлтанқұлқызы өткізеді.

Команданың жұмысы. Біздің команда – компанияны дамыту үшін өз клиенттеріне бар мүмкіншілікті жасайтын және өз ісін сүйетін талантты да тапқыр заманауи қағидасына сай іріктелген топ. Оның әрқайсысы өз жұмысына жан-жақты баға беруге тырысады, айтылған сынға ренжімей, қателіктерінен сабақ алуға тырысады. Қазір компанияда желілік маркетингті жақсы білетін жоғары білікті 400 адам жұмыс істейді, сондай-ақ дизайн, логистика, аналитик, маркетинг, сату және т.б. салаларда да жоғары кәсіптік мамандар жетерлік. Бұның бәрі қосылғанда компанияның барлық этапта да қызметінің тәуелсіздігін көрсетеді, маркетингтік тізбектің барлық тармақтарын бір ортаға біріктіреді. Біздің команда мүшелерінің бірігіп, бір адамдай жұмыс істеуі, тиімді нәтиже көрсетуге итермелейді, жетістіктерге жетуге ынталандырады, бірлесе отырып мақсатқа жетуге сенімділік туындатады. Жеке қимылдағаннан гөрі команданың арқасында үлкен нәтижелерге жетуге болады. Біздің барлық қызметкерлер өз қызметін жетілдіру барысында көптеген нәтижелерге қол жеткізіп отыр.
Біздің команда – бақталастықтағы біздің басты артықшылығымыз.
Болашағы. Біз осы жеткен жетістіктерімізбен тоқтамаймыз, армандаудан қорықпаймыз, қашанда жаңа шешімдер қабылдауға және жаңа мүмкіндіктерге жетуге ізденеміз. Күнделікті өз жұмысымызда біз проблемаларды ыңғайын тауып, нақты шешуге тырысамыз.

Біздің ұран – компанияны одан әрі дамыту және тек алға ұмтылу!

http://rcm.amazon.com/e/cm?t=personblog0c-20&o=1&p=12&l=ur1&category=50mp3albums5each&banner=0QSWWKV6GVQ0B83M5XG2&f=ifr

Advertisements

3 пікір (+add yours?)

  1. Daniyar
    Қыр 07, 2011 @ 09:49:38

    Лохатрон ғой бұл компания

    Жауап беру

    • *°•. OLZHAS .•°*
      Қыр 08, 2011 @ 15:50:28

      Неге Данияр???
      Мен өзім осы компанияда жұмыс жасап жүрмін ғой, олай болмаса мен жазбас едім ғой, қаталаспе бауырым.

      Жауап беру

      • Daniyar
        Қыр 08, 2011 @ 16:22:08

        Тықпалап арзан қытайлық тауарларын сатады. Ең төменгі сатыда қалғандары көз жасын бұлап қалады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: